02 қазан 2020 21:13

Қанат Асқаров Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті

Қанат Асқаров. Фото: Saryarqa арнасының кадры

Қанат Асқаров Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Асқаров Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау өңірлік департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Қанат Асқаров өз еркімен жұмыстан кетті.

Реклама
Реклама

"Ол денсаулық жағдайына байланысты өтініш жазды", - деп қысқаша мәлімет берді ведомстводағылар. Баспасөз қызметі оның орнына кім тағайындалатынын нақтыламады.

Еске салайық, Қанат Асқаров былтыр қараша айында Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған. Бұған дейін ол Саран қаласының орталық ауруханасының директоры қызметін атқарған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram