30 наурыз 2020 13:00

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

RingPolska мәліметінше, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде Хайме Мунгиямен (34-0, 28 КО) жұдырықтасады.

Реклама
Реклама

Ислам - Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтеді.

Бұл бокс кеші 2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған, алайда коронавирус пандемиясына баланысты ол туралы әлі күнге дейін ресми айтылмады.

Еске салайық, Мунгия орта салмаққа ауысып, бірінші жекпе-жегінде ирландиялық Гэри О’Салливанды (30-4, 21 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Ал Қанат Ислам соңғы рет 2019 жылы Алматыда жұдырықтасты. Намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген қазақстандық боксшы WBO International белбеуін қорғап қалған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram