02 ақпан 2022 | 19:50

Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Премьер-министр Әлихан Смайылов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ұжымына директорлар кеңесінің шешімімен сайланған басқарманың жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевты таныстырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Үкімет басшысы "Бәйтеректің" бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа жұмысы үшін алғыс айтты.

Холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, премьер-министр оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі - "Сити" құрылымдарындағы жұмыс тәжірибесін айтты.

"Бәйтеректің алдына маңызды міндеттер қойылды. Бірінші кезекте, бұл экономиканың шикізаттық емес секторларды, кәсіпкерлікті дамыту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК-дегі өндірісті кеңейту. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудың бұл бағыттарына көп көңіл бөледі және холдинг жұмысының тиімді нәтижелерін күтеді", - деді Смайылов.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Ол Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментте, "Сити" инвестбанк сатуды басқару бөлімінде (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - "Сити" инвестбанк акциялар нарығында (Лондон, Ұлыбритания) жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті.

2014-2015 жылдары - "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - "Ситибанктің" Қазақстандағы бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, Ресейдің "Ситибанк" аға вице-президенті.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Сити" инвестбанкі (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

Еске салайық, 24 қаңтарда Нұрболат Айдапкелов "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол агроөнеркәсіп кешенін қолдау және дамыту мәселелерін қадағалайтын болады.

Қазақстан Үкіметі "Бәйтерек" ұлттық холдингінің жалғыз акционері саналады. "Бәйтерек" - құрамына 9 еншілес ұйым кіретін интеграцияланған даму институты. Бұл қатарда "Қазақстанның даму банкі", "Отбасы банк", "Даму" КДҚ, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы", Kazakh Export, "Қазына Капитал Менеджмент", "Аграрлық несие корпорациясы", "Қазагроқаржы" және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная