14 шілде 2022 09:46

Қанат Таймерденов қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Қанат Таймерденов ведомствоның орталық аппаратында қандай қызметте екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Қанат Таймерденов ведомствоның орталық аппаратында қандай қызметте екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таймерденов бұған дейін Алматы Полиция департаментін басқарған болатын.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша полиция генерал-майоры Қанат Даниярұлы Таймерденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы күрес департаментінің бастығы болып тағайындалды. Департамент бастығы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функционал міндеттерін орындайды, бұл қолжетімділігі шектеулі ақпарат саналады", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Ішкі істер министрлігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті министрліктің құрылымдық бөлімшесі саналады, ол өз құзыреті шегінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Қанат Таймерденов Алматы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан басқарды.

Ол 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы ІІБ ТБҚ 2-бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы ІІБ ЖПБ ерекше маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Алматы қаласы ІІД ЖБҚБ бастығының орынбасары, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Жетісу ауданы ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram