ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2022 | 09:07
Канело Биволмен қашан реванш өткізетіні белгілі болды
Промоутер Эдди Хирн ресейлік Дмитрий Биволмен келіссөздер қалай жүріп жатқанын және Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекті қашан өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Канело 17 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен трилогия өткізетіні белгілі болған еді.
"Биволмен және оның командасымен сөйлестім, келесі жылы Синко де Майода (Испан тілінде "Бесінші мамыр". 1862 жылы 5 мамырда Пуэбло шайқасында Мексика әскерінің жеңісіне орай атап өтілетін ұлттық мереке - автор.) реванш өткізу бойынша жұмыс істейміз. Канело бұл жекпе-жектен ешқашан бас тартпайды", - деді Хирна. Бұл туралы FightSpace Telegram-арнасы жазды.
Осылайша, бәсекелестердің екінші жекпе-жегі 6-7 мамырда өтуі мүмкін.
Еске салайық, Бивол мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі ресейліктің жеңісімен аяқталды, ол ұпай бойынша басып озды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также