05 маусым 2022 | 09:43

Қанша алматылық референдумда дауыс бере алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Жанна Асанова

1,1 миллионнан астам алматылық Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс бере алады. Бұл туралы таңғы арнайы брифингте қалалық референдум өткізу жөніндегі аумақтық комиссия төрайымы Жанна Асанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1,1 миллионнан астам алматылық Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс бере алады. Бұл туралы таңғы арнайы брифингте қалалық референдум өткізу жөніндегі аумақтық комиссия төрайымы Жанна Асанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, 5 маусымда таңғы сағат 6:00-де Алматыда 574 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталған.

"Дауыс беру белсенділігі біртіндеп артып келе жатыр. Таңертең 7-де алғашқы дауыс бергендер болды. Оқиға қалай дамитыны туралы келесі брифингте хабарлаймыз", - деді қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрайымы.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, заңнаманы өрескел бұзу деректері тіркелмеген, бәрі жұмыс режимінде өтіп жатыр. Учаскелерде бақылаушылар бар.

"Біздің тізімде дауыс беруге құқығы бар 1 126 854 алматылық тіркелген", - деді Асанова.

Ол кешкі сағат 20.00-де дауыс беру аяқталатынын, содан кейін комиссияның 12.00-ге дейін дауыс санын санауға уақыты бар екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная