20 шілде 2023 | 10:39

Қанша қазақстандық АӘК алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2023 жылғы 1 шілдеде 517 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылғы 1 шілдеде 517 мыңнан аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 98,8 мың отбасындағы 517,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 67,3 миллиард теңге бөлінген.

"АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалған.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная