ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2023 | 11:34
Қанша қазақстандық күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады?
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтардың саны артып жатқан өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтардың саны артып жатқан өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандықтардың бес пайызға жуық табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан секілді 12 облыста бұл санаттағы азаматтардың өсімі байқалады. Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымына қарасақ, 5 миллионға жуық адам, яғни еңбекке жарамды санаттың жартысы өнімділігі төмен еңбекте жүр", - деді Мәулен Әшімбаев.
Ол халықтың әл-ауқатын арттырудың бір жолы микро және шағын бизнесті дамыту екенін атап өтті.
"Шағын бизнес бүгінде ірі қалаларда ғана шоғырланған. Ауыл тұрғындарының бизнесті дамыту мүмкіндігі шектеулі. Осы жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет", - деді Сенат спикері.
Ол Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын және бұл тәсілді республикалық деңгейде кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
"Бұл мақсаттарға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлері үшін 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді. Сенаторлар осы бағдарламаның тиімділігіне мониторинг жүргізеді", - деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.
2023 жылы базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также