08 ақпан 2023 | 13:02

Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар 3,5 триллион теңге болатын зейнетақы жинағын баспана мен емделуге пайдаланды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 3,5 триллион теңге болатын зейнетақы жинағын баспана мен емделуге пайдаланды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төлемдердің негізгі бөлігі - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін алынған. Соңғы екі жылда осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері осы мақсаттарға 3,5 триллион теңгеден аса қаражат төленді. Қазіргі ең төменгі жеткілікті шекті ескере отырып, адамдарда тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу үшін тағы 600 миллиард теңге алуға мүмкіндік бар. Бірақ әркім өзі таңдау жасайды", - деді БЖЗҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, салымшылардың көпшілігі бұл опцияны бұрынғы жеткілікті шек болған кезде қолдануға тырысқан.

Реклама
Реклама

"Жинақтау белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, процесс тұрақталды. Қазір адамдар тұрмыс жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге айына шамамен 8-15 миллиард теңге жұмсайды", - деп қосты Құрманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная