ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2024 | 09:56
Қанша қазақстандыққа ресми түрде алкоголь ішуге тыйым салынған?
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заңға сәйкес, Қазақстан полициясы құқық бұзушылардың мінез-құлқына, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішуге ресми түрде тыйым салуға ерекше талаптар қоя алады. Былтыр қанша қазақстандыққа осы қатал шара қолданылғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, ерекше талаптарды белгілеу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен регламенттеледі.
"Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе іс бойынша іс жүргізуге басқа да қатысушылардың өтініші бойынша қарау кезінде кодекстің бірқатар бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілей алады", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Былтыр соттар ішкі істер органдарының өтініші бойынша құқық бұзушылардың мінез-құлқына 15 мыңнан аса ерекше талаптар белгіледі. Бұл талаптардың көп бөлігі (12 мыңнан астам) алкогольге тыйым салуға байланысты.
"Шектеу кезеңінде мұндай адамдар тұрғылықты жері бойынша, үнемі барып профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, мінез-құлқын бақылау үшін ішкі істер органдарында тіркеліп, полиция есебіне қойылады. Белгіленген шектеулерді бұзудың 6 835 дерегі тоқтатылды", - деп хабарлады ІІМ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также