Қанша қазақстандықтың есімі Астана?

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Астана күні қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі қанша қазақстандықтың есімі Астана екенін анықтады.

Астана күні қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі қанша қазақстандықтың есімі Астана екенін анықтады.

Ұлттық статистика бюросының ресми сауалға берген жауабына сәйкес, Қазақстанда бүгінде Астана есімді 24 адам тұрады. Олардың ішінде 17-сі – ер адам, 7-еуі – әйел.

Былтыр да дәл осындай – 24 адам тіркелген. Ал ел астанасы жарияланған жылы Астана есімді 2 ұл бала болған.

Реклама
Реклама

Астана есімді азаматтардың көбі – елордада тұрады (4 адам). Сондай-ақ Шымкентте, Маңғыстау және Түркістан облыстарында – әрқайсында 3 адамнан бар.

Ең жасы 15-тен төмен – олар алтау. Тағы бесеуінің жасы 15 пен 19 аралығында, екі адам 20–24 жас аралығында.

25–29 жаста – 3 адам, ал 30–34, 40–44 және 60–64 жас аралығында бір адамнан. 50–54 жас аралығында Астана есімді үш адам болса, 65 жастан асқан тағы екі адам бар.

Сондай-ақ ел азаматтарының арасында Астанай деген есімді – 5 адам, Астанали есімді – 3 ер адам, Нұрастана есімді – 5 ұл және 1 қыз бала тіркелген.

Елордадағы басты нышандардың бірі – Бәйтерек монументінің құрметіне 41 адамға есім берілген. Қазақша транскрипциясы Бәйтерек есімді 30 адам бар.

Айта кетейік, 6 шілде – Қазақстан астанасының 27 жылдығы. Жаңа елорданың ресми таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама