Қанша ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде ықтиярхат алуға өтініш білдіргендердің саны өсіп жатыр. Егер өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400 адамға дейін болса, қазір 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам өтініш білдірген", - деді Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Ол сондай-ақ 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты.

Реклама
Реклама

"Статистика бойынша, өткен жылы да шамамен, осыншама адам өтініш білдірген. Ал одан сәл ертерек, 200-ден аса адам азаматтық алуға өтініш білдірген", - деді Марат Қожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама