04 сәуір 2022 | 16:54

Қаңтар қасіреті: Бас прокуратура жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр

Фото ©REUTERS

Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, әлеуметтік желіде 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғаларға байланысты жалған ақпараттар әлі де тарап жатыр. 

"Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша 11 соталды тергеу басталды.

Өз тарапынан құқық қорғау органдары мен прокуратура толық тергеуді, заң нормаларын сақтауды және дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурсын жұмылдырады", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная