ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 12:42
Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?
Бас прокурор Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар трагедиясынан кейін қаза тапқандардың аты-жөні неге жарияланбайды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтар 2022" платформасындағы қаза болғандар тізімін зерттедік, ол толық емес, олқылықтар бар. Соған қарамастан қаза болғандардың тізімін ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жарияласақ, отбасы және туыстарының көңіліне қаяу саламыз деп ойлаймыз. Сондықтан алдымен зерделеу керек", - деді бас прокурор.
Асылов қаңтардағы қайғылы оқиғалар салдарынан 230 адам қаза тапқанын айтты.
"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр, лаңкестік әрекеттер бойынша - 46 қылмыстық іс. Бұл жайттардың бәрін алдымен зерделеу керек: кім құқықбұзушы, ал кім бейбіт шеруге шықты. Тергеу барысында мұның бәрін анықтауымыз керек, содан кейін ақпарат береміз", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также