ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2022 | 09:19
Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді
Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскені хабарланды. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бойынша) жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы - 33, Әуезов ауданы - 9, Түрксіб ауданы - 12).
"Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде тағы 45 өтінім бар (Бостандық ауданы - 40, Медеу ауданы - 5). Олар бойынша төлемдерді биыл 15 мамырға дейінгі мерзімде жүргізу жоспарланып отыр. Қосымша өтінімдердің түсуіне қарай Алматының аудандық әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады", - деді әкімдік өкілдері.
Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзім белгіленеді және зардап шегушінің өзі таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Бағалау бойынша шығыстарды жүргізу аудандық әкімдіктер тұлғасындағы мемлекеттік органдарға жүктелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также