11 ақпан 2022 | 09:02

Қаңтар оқиғаларына дейін жоғалып кеткен ит иелеріне қайтарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
КТК телеарнасының сюжетінен алынған

Алматы троллейбустарында жүрген ит жоғалғанына бір жарым ай өткеннен кейін иелеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы троллейбустарында жүрген ит жоғалғанына бір жарым ай өткеннен кейін иелеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна көрермендері Мәскеу метробекеті маңында жүрген итті байқап, иелерімен байланысқа шыққан. Иелері Сэнди есімді итті бір жарым айға жуық іздеді. Үй жануары КТК телеарнасының материалы шыққаннан кейін табылды.

"Бәрі итті байқады, бірақ қаңғыбас ит деп жақындауға қорықты. Адамдар КТК телеарнасының арқасында ол қаңғыбас емес екенін білді, сөйтіп, іздеуге көмектесті. Ит арып кеткен, бірақ көңіл күйі қалыпты. Ол бізбен кездесті, бізді, үйді таныды. Ол қазір бақытты", - деді Ирина Лусто.

Реклама
Реклама

Сэнди Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен. Оны іздеуге еріктілер шыққан. Олар жануарды кейінгі рет көрген аумақты аралап шығып, үй жануарын таба алмаған. Адамдар Сэндиді бірнеше рет Алматы орталығында байқаған. Ол троллейбуста жүрген. Куәгерлер иттің қаланы аралап жүргенін және адамдар онымен суретке түскенін айтқан.

Енді Сэнди серуендеуге тек қарғыбаумен шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная