ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2022 | 11:40
Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады?
Сенат депутаты Владимир Волков қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам рақымшылыққа ілінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат депутаты Владимир Волков қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам рақымшылыққа ілінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Волковтың айтуынша, 1,5 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілінген.
"Бүгінде қаңтар оқиғасы бойынша сотталған 1112 адамның 128-і ғана бас бостандығынан айырылды. Заң қабылданғаннан кейін 40-тан аса адам, алдағы жарты жылда 50-ге жуық адам қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады", - деді Владимир Волков.
Сенатор сотталғандарға рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді сот әр адам үшін жеке қабылдайтынын баса айтты.
"Ауыр қылмыс жасаған 363 адамға қатысты (тергеліп жатқан және сотта қаралған істер бойынша) жаза тағайындау кезінде рақымшылық қолданылады", - деді сенатор.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также