03 қараша 2022 | 12:55

Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа іліккен адамдар қашан босатылады?

Дина Шарипханова Корреспондент

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа іліккен адамдарды босату тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа іліккен адамдарды босату тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысы кулуарында журналистер бас прокурордың орынбасарынан қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылыққа іліккендер қашан босатылатынын сұрады.

"Нақты мерзімін айта алмаймын, өйткені бірқатар істер әлі алдын ала тергеу органдарымен жүргізіліп жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша алдын ала тергеу толық көлемде жүргізіліп жатыр. Іс сотқа жіберіледі, сот бұл істі қарайды, үкім шығарылған кезде ғана сот рақымшылық актісін қолданады. "Рақымшылық жасау туралы" заңда алты ай ішінде уәкілетті органдар жүзеге асыру үшін барлық ұйымдастыру шараларын қабылдауы тиіс деген норма бар", - деп түсіндірді Шыңдалиев.

Реклама
Реклама

Ол қазірдің өзінде жазасын өтеп жатқандардың 102-сі рақымшылыққа ілігетінін айтты.

"Үкім болса, бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болса, мекеме әкімшілігі немесе оның өзі оған рақымшылық актісін қолдану туралы сотқа өтініш жібереді. Заң бойынша сот оны бір ай ішінде қарай алады, содан кейін сот шешім шығарады. Егер адам ауырлығы аз және орташа істер бойынша сотталған болса, ол жазадан босатылады, ол бірден босатылуы мүмкін. Ал егер жай ғана жазаны қысқарту болса, онда ол қалған мерзімін өтеуі керек",- деп қосты ол.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная