14 ақпан 2022 19:57

Қаңтар оқиғасы кезінде 3 388 қару ұрланған, оның үштен бірі ғана табылған

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаңтар оқиғасы кезінде 3 388 қару ұрланып, оның үштен бірі ғана табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы кезінде 3 388 қару ұрланып, оның үштен бірі ғана табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайғылы қаңтар оқиғасын тергеу барысы туралы берген есебінде көрсетілген.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер өршіп тұрған кезде қызметтік ғимараттарды тастап кеткен күштік құрылымдар органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бөлек тергеу жүргізіліп жатыр. Осындай әрекеттер салдарынан Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында құқық қорғау органдарының арсеналындағы 1500-нан астам қару қылмыскерлердің қолына түскен.

Реклама
Реклама

Жалпы алғанда, қаңтар оқиғасы кезінде 3 388 қару, оның ішінде 10 аңшылық дүкенінен 1 629 мылтық ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 қару табылды. Қаруларды іздеу және қайтарып алу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық фактілер бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Ғизат Нұрдәулетов Президентке жанар-жағармай материалдары, сұйытылған газ айналымы және бағаны белгілеу, кедендік шекара саласындағы тексерудің алдын ала нәтижелері туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың конституциялық құқығын сақтаудың маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, әрбір расталған хабарламаға дер кезінде назар аударуды, сондай-ақ  тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат беруді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram