02 наурыз 2022 | 13:38

Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Президент резиденциясы сүріледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная