ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2023 | 13:04
Қаңтар оқиғасы кезінде офицер тірідей өртеніп кетті - Бас прокуратура
Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдары соңғы сәтке дейін тек арнайы құралдарды қолданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асыловтың айтуынша, құқық қорғау күштеріне наразылық білдірушілердің үлкен санын тежеу физикалық тұрғыдан мүмкін болмады.
"Оған қоса, қызметкерлердің көпшілігі қаруланбаған, соңғы сәтке дейін олар тек арнайы құралдарды - су атқыштарын, резеңке таяқтарды және т.б. қолданды", - деді ол.
Бұл ретте, қадағалау органы басшысының айтуынша, сол уақытқа дейін жүздеген тәртіп сақшысы жараланған, соның ішінде оқтан жарақат алған.
"Қала әкімдігі өртінгенде бір офицер тірідей өртеніп кетті", - деді Берік Асылов.
Айта кетейік, Мәжілісте жалпы отырыс өтіп, онда бас прокурор Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға қатысты сауалына жауап берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также