27 қазан 2022 | 10:44

Қаңтар оқиғасы: Сенат рақымшылық жасау туралы заң қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Сенат депутаттары қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты "Рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты "Рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор Ләззат Жаңалықызының айтуынша, "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы нормаларында қазақстандықтарды қылмыстық және ауырлығы аз және орташа қылмыстар үшін жазадан босату көзделген. Жазасын өтегендерден соттылығы алынады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін - сот тағайындаған мерзімнің төрттен үшіне, ал аса ауыр қылмыстар үшін - жартысына қысқарту көзделген.

Сонымен қатар, Заң жобасында босатылған адамдарды әлеуметтендіру – жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және іс қағаздарын жүргізу мәселелері қарастырылған. Бұл ретте террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған, мемлекетке опасыздық жасаған, азаптау, қылмысты қайталанған немесе жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Реклама
Реклама

"Қабылданған заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Заңда рақымшылықты қолдану шарттары мен заң қарастырмайтын адамдарға қатысты нормалар нақты жазылған", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Рақымшылыққа тек 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке байланысты немесе олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға ғана қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная