ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2022 | 10:16
Қаңтар оқиғасы: Тоқаев 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 мыңға келсек, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтірген, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бар болғаны 23 адам нақты қамау жазасына тартылғанын атап өтті.
"Бұл - біз осы қайғылы істі өте мұқият зерттеп жатқанымызды көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай, елде қайғылы қаңтар қайталанбайтынына сенімдіміз. Ал оның кепілі - бүгінгі референдум. Тиісті сабақ алдық", - деп қосты Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также