05 наурыз 2022 | 19:30

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына 451 миллион теңге берілді

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған 106 қызметкердің отбасы мүшелеріне көмек ретінде материалдық төлемдерді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне қаза тапқан 19 және ауыр жарақат алған 106 қызметкердің отбасы мүшелеріне көмек ретінде материалдық төлемдерді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қор сайтына сілтеме жасап.  

Төлемдер мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы жәбірленушілерге арналған төлемнің жалпы сомасы - 451 миллион теңге.

Еске салайық, бұған дейін Қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген сомаларды төлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, кеңеске адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға ұсынған тізімдерінен кездейсоқ зардап шеккен азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдармен бірлесіп пысықтау тапсырылды.

Реклама
Реклама

Қор уәкілетті мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәліметтер алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлемдерді жүргізуді бастайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная