Қаңтар оқиғасының жаңғырығы - Талдықорғанда қару-жарақ қоймасы табылды

видео кадры

5 қаңтарда Талдықорғандағы саяжайлардың бірінде, Қаратал өзенінің астындағы көпір маңында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ жасырылған орын табылды. Ол жерден 14 патроны бар Калашников автоматы мен 8 патроны бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Бұл қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Атыс қарулары қоғам үшін ерекше қауіпті. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі және ерекше бақылауда", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

2022 жылдың басынан бастап қабылданған шаралармен 7 877 түрлі қару, 816 граната және 110 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. 2024 жылдың соңында заңсыз айналымнан екі мыңнан астам түрлі қару тәркіленген, оның ішінде 1 764 дана атыс қаруы, 274 дана травматикалық қару, 87 граната және 19 мыңнан астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі бар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 21 заңсыз қару жасырылған орын табылған. Жыл басынан бастап бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып, нәтижесінде 24 дана атыс қару тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама