ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2018 | 10:01
Қаңтарда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.
"Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 градус аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.
2019 жылдың бірінші күндері ауа райы қандай болады?
Показать комментарии
Читайте также