25 желтоқсан 2020 | 16:26

Қаңтарда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралу кезінде абсолют минимал температура төмендеуі -48-54 градусқа дейін мүмкін (мысалы, 1893 жылы 5 қаңтарда еліміздің астанасында -51,6 градус тіркелген), ал оңтүстік облыстарда -30-43 градусқа дейін (1969 ж. 29 қаңтарында Алматы М -30,1 градус) байқалды.

Реклама
Реклама

Ауаның максималды температурасы кей жылы +3+9 градусқа дейін жоғарылаған (1948 жылы 09 қаңтарда еліміздің астанасында +5,0 градус, 2015 жылғы 08 қаңтарда +3,8 градус болды), Қазақстанның оңтүстік бөлігінде +15+22 градусқа дейін жоғарылаған (1940 жылы 05 қаңтарда Алматы М +16,8 градус, Шымкент М абсолюттік максимумның тіркелген күні 2002 жылы 4 қаңтарда +22,2 градус болды).

"Қаңтарда жауын-шашынның мөлшерi республика бойынша таралуы бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 миллиметрге дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек жауады - 40-82 миллметр.

Консультатив болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында 1 градус мөлшерден төмен күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады", - дейді синоптиктер.

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқын күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуін қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы:

солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 градусқа дейін, кей жерлерде -39 градусқа дейін, күндіз -20-27 градусқа дейін;

республиканың батысында түнде -20-27 градусқа дейін, күндіз -10-20 градусқа дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 градусқа дейін, жерлерде -30 градус, күндіз -7-15 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram