05 қаңтар 2023 | 12:01

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын көлемі аталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын көлемін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын көлемін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, сегіз облыста 42 қоғамдық ғимарат зақымданған.

"Соның бірі Алматы қаласындағы Президент резиденциясы, бұл нысанды бұзу туралы шешім қабылданды. Ал қалған 41 нысанға 31 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Жетісу облысы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді. Ал Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық ақпарат статистикасы орталығының ғимараты мен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары наурызда аяқталады", - деді Скляр Мәжіліс отырысында.

Реклама
Реклама

Ол Алматы қаласындағы теле-радиокешеннің ғимаратын қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан бұзу туралы шешім қабылданғанын еске салды.

"Қазір оның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, ол биылғы жылдың соңына дейін аяқталады, оған қосымша қаражат бөлінеді, оны біз мемлекеттік сараптамадан өту нәтижесі бойынша анықтаймыз.

Барлығы 350 коммерциялық нысан зардап шекті. Бүгінгі күнге дейін барлығы қалпына келтірілді. 1789 кәсіпкерлік субъектісі келтірілген залалды тікелей өтеуге өтініш білдіріп, оларға барлық шағын және орта бизнес субъектілері бойынша 16 миллиард 700 миллион теңге толық көлемде өтелді", - деп түйіндеді сөзін Премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная