Қаңтардағы тосын ауа райы: Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қаңтардағы тосын ауа райы: Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазгидромет 10, 11, 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 10, 11, 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс циклоны әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда елдің шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады. 10-12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанып отыр. Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Реклама
Реклама

11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама