13 ақпан 2023 | 14:29

Қаңтардағы ҰБТ-да қанша талапкер ереже бұзғаны анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қаңтарда ҰБТ тапсыру құқығынан айырылған мектеп түлектерінің теріс қылықтары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қаңтарда ҰБТ тапсыру құқығынан айырылған мектеп түлектерінің теріс қылықтары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері азайған.

"Қаңтарда осындай заңбұзушылыққа жол берген 160 өтініш берушінің нәтижесі жойылды. 62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

ҰБТ "1 компьютер - 2 камера - 1 тест тапсырушы" қағидасы бойынша өткізілді.

Өткен жылы алдыңғы камера енгізілді. Ең маңызды міндет - сәйкестендіру", - деді Руслан Емелбаев.

Реклама
Реклама

Емелбаев биыл қаңтардағы ҰБТ-да біреудің орнына кірген адамдар анықталмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная