ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2021 | 13:20
Капитолийдегі тәртіпсіздік кезінде біреу Қазақстан туымен шыққан
АҚШ-тағы Капитолий ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі қолына Қазақстан туын алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тағы Капитолий ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі қолына Қазақстан туын алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Туды кім және не үшін әкелгені белгісіз. Оны журналист Ali Harb байқап, суретін Twitter-де жариялады.
Going through my photos from yesterday. Who the heck brought a Canadian flag to the MAGA insurrection and why? pic.twitter.com/bsdvK2RX0s
— Ali Harb (@Harbpeace) January 7, 2021
There was a Kazakh flag as well... pic.twitter.com/t0H7km1ksC
— Ali Harb (@Harbpeace) January 7, 2021
Басқа суреттер WhatsApp-та тарап жатыр. Алайда жалауды кім ұстап тұрғаны белгісіз - адамның түрі көрінбейді.
"Наразылық Қазақстанда емес, Америкада еді ғой?", - дейді Желі қолданушыларының бірі.
"Әкімдіктің мекенжайын шатастырып алған шығар", "Бұл - Борат", - деп әзілдегендер де бар.
Осы уақытта РИА Новости жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар вашингтондық Капитолийге кіре алғанын хабарлайды.
Кейінгі 200 жылда алғаш рет. Америкалықтар Капитолийді неге басып алды?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также