Қапшағай жағалауы жекеменшікке өтіп кеткен - депутат

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:e-auction.gosreestr.kz

Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймағындағы 82 жер учаскесі жекеменшікке өтіп кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау аймағындағы 82 жер учаскесі жекеменшікке өтіп кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қорғау белдеулерінде орналасқан 82 жер учаскесі жеке және заңды тұлғалардың меншігіне рәсімделіп кеткен. Ал мұндай жерлерді жекешелендіруге заңмен тыйым салынған.

Жер кодексі мен Су кодексі бойынша, су қорғау аймақтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) айналымға шығарылмауы тиіс. Бірақ ЕГКН базасында бұл учаскелер жеке меншік ретінде тіркелгені анықталды.

Реклама
Реклама

"Нәтижесінде қарапайым халық Капшағай су қоймасы мен Іле өзенінің арнасына еркін өте алмай отыр. Су жағалауы бетон дуалдармен қоршалған. Бұл – азаматтардың су ресурстарына еркін қол жеткізу құқығын өрескел бұзу", - деп жазды Бақытжан Базарбек.

Депутат Бас прокуратураға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне және Су ресурстары және ирригация министрлігіне ресми түрде өтініш жолдағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама