16 шілде 2020 14:14

Қапшағайда адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Видео кадрынан

Алматы облысы Қапшағайда адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қапшағайда адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаменті 6 шілдеде жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖКЕ бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Жүргізуші ұсталып, сотты оны екі айға қамауға алған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу органы тиісті сараптамаларды тағайындаумен апаттың барлық мән-жайын тергеу үшін қажетті процедуалды әрекеттер жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қапшағайда 6 шілдеге қараған түні автокөлік жаяу жүргіншілер өткелінде бір адамды қағып өлтірген еді. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Желіде қаза тапқан адамның туыстары мен достарына қоқан-лоқы көрсетіліп жатқаны айтылған болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram