ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 11:24
Қапшағайдағы түбектің бір бөлігі сатылады: әкімдік хабарламаға жауап берді
Қапшағай әкімдігі түбектің бір бөлігін 340 миллион теңгеге сату туралы ақпаратқа түсінік берді. Жер учаскесі жеке тұлғаға тиесілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қапшағай әкімдігі түбектің бір бөлігін 340 миллион теңгеге сату туралы ақпаратқа түсінік берді. Жер учаскесі жеке тұлғаға тиесілі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қапшағай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде көрсетілген мәліметтерді бөлісті.
"Қапшағай әкімдігінің 2005 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен 5 гектар жер учаскесі жекеменшікке берілді. Қазіргі уақытта 2017 жылғы 21 маусымдағы жер учаскесін сатып алу-сату шарты негізінде азаматтың атына тіркелген", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Заң бойынша жеке меншіктегі жер учаскесіне құқықты иеліктен шығару азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүргізіледі.
"Жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдар рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, ол өзінің жер учаскесіне қатысты Қазақстанның заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Айта кетейік, Қапшағайдағы 5 гектар түбектің бір бөлігі сатылымға шығарылғаны хабарланған еді. Krisha.kz мәліметіне сүйенсек, нысан 340 миллион теңгеге сатылымға қойылған. Хабарламада түбек жағажай бизнесін дамытуға арналғаны жазылған. Аумақта нысандар салынбаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также