27 мамыр 2020 10:58

Қапшағайдың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Талғат Қайнарбеков © zhetysu.gov.kz

Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі  Талғат Қайнарбеков Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі  Талғат Қайнарбеков Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Талғат Қанатұлы Қайнарбеков 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және қосымша мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Сарқан ауданы Көкөзек орта мектебінде мұғалім болып бастады.

Әр жылдары Сарқан ауданы Қарғалы орта мектебінде тарих және мемлекеттік құқық пәнінің мұғалімі, Алматы қаласында «Эльдорадо» ЖШС менеджері, Талдықорған қаласы әкімі аппараты өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі қаласының әкімі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram