Қар, 31 градусқа дейін ыстық: 23 мамырда ауа райы қандай болады?

Қар, 31 градусқа дейін ыстық: 23 мамырда ауа райы қандай болады? Фото: depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жарнама
Жарнама

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама