ПОДЕЛИТЬСЯ
23 наурыз 2022 | 11:40
Қар, боран, жаңбыр. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәліметтер бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, сулы қарға ұласады.
"Жаңа жер циклонының әсерінен республиканың солтүстік өңірлерінде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон әсеріннен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып отыр", - делінген метеорологиялық қызметтің хабарламасында.
25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысының ауа райын Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер әсерінен республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын, қар жауады).
Республиканың солтүстігінде, шығыста, республика орталығында тұман, көктайғақ, жел күшейіп боран соғады. Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 2-15 градус аязды құрайды, оңтүстік жартысында ауа температурасы 3-11 градус аяздан 0-8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз термометрлер 0-8 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігінде 0-9 градус аяз, оңтүстігінде 7-17 градус аяз болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также