Қар, боран және аяз: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қар, боран және аяз: Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам жылжып бара жатқан циклон қалыптастырады. Осылайша, елдің көп бөлігінде қар, боран, жел күшейіп, батыс өңірлерде көктайғақ болады.

Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массалары басады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді.

Реклама
Реклама

"Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама