05 қараша 2024 | 08:42

Қар, жаңбыр және бұрқасын: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 5 қарашада кей өңірде тұман, жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсіп, көктайғақ болады, ал кей өңірлерде екпіні күшті жел мен бұрқасын соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 5 қарашада кей өңірде тұман, жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсіп, көктайғақ болады, ал кей өңірлерде екпіні күшті жел мен бұрқасын соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүсік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram