Қазгидромет синоптиктері 8, 9 және 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанға циклон жақындап келеді
Атлант циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, тұман, көктайғақ және боранмен қатар жел күшейеді деп болжанады.
"Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деді синоптиктер.
Ауа температурасы қандай болады?
Қазақстанның батысында 5-15 градус жылы, солтүстік-батысында 0-10 градус жылы, солтүстігі, шығысы және орталығында -3 градус аяз – 2 градус жылы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!