ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2024 | 17:51
Қар және жаңбыр: Алматы көктайғаққа дайындалып жатыр
Алматыда коммуналдық қызметтер көктайғақ құбылыстарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда коммуналдық қызметтер көктайғақ құбылыстарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 16 ақпанда таңнан бастап 17 ақпанда түнге дейін Алматыда жауын-шашын болады, жауын-шашын қалың қарға ұласып, ауа температурасы кешке қарай минус 20 градусқа дейін төмендейді.
"17 ақпанға қараған түні минус 22 градусқа дейін, күндіз 17 ақпанда минус 14 градусқа дейін төмендейді. Ал, 16 ақпанда таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанған. Түнгі кезеңде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған", - делінген хабарламада.
Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылатыны айтылды. Осыған байланысты Алматы тұрғындарына ескерту жасалды.
"Болжамды көктайғаққа, жолдардың жүріс бөлігін қар басуына байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және кенеттен маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз".
16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймау сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также