ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2024 | 15:58
Қар және тұман: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
20 қарашада Астанада көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус, күндіз шамамен 0 градус.
21 қарашада бұлтты, кей уақыттарда қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз -0...-2 градус.
22 қарашада бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12 градус, күндіз -5...-7 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
20 қарашада Алматыда ауыспалы бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с, күндіз екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +11...+13 градус жылы.
21 қарашада ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +6...+8 градус жылы.
22 қарашада бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус, күндіз +1...+3 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также