05 қаңтар 2025 | 17:52

Қар және тұман: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен Астанада 6-8 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет Алматы мен Астанада 6-8 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана бойынша ауа райы болжамы

6 қаңтар

Реклама
Реклама

Астанада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ, боран күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз -2…-4°C.

7 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, боран, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және күндіз температура -2…-4°C.

8 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, боран, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы -13…-15°C.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

6 қаңтар

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура -4…-6°C, күндіз +1…+3°C

7 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.

8 қаңтар

Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -5…-7°C, күндіз 0…-2°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная