13 қараша 2024 | 16:05

Қар және тұман: Астана мен Алматыға арналған үш күндік ауа райы болжамы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

14 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауады, қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 2-4 градус аяз.

Реклама
Реклама

15 қарашада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз.

16 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 3-5 градус аяз.

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

14 қарашада Алматыда күн бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз.

15 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

16 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная