17 тамыз 2023 | 08:57

Қар және тұман: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 17 тамызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 17 тамызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.

Реклама
Реклама

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде 5, күндіз 25-30 градус жылы.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 2-7 жылы, күндіз 27-32, облыстың таулы аймақтарында 17-22 градус жылы.

Жетісу облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 24-29, облыстың таулы аймақтарында 20 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аймақтарында 12, күндіз 31-36, облыстың таулы аймақтарында 27 градус жылы.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз шығыста, оңтүстікте, облыстың орталық бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 29-34 градус.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-24 градус жылы, күндіз 30-35 градус жылы.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың шығысында 16, күндіз 32-37, облыстың батысында 29 градус жылы.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 28-33, облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қостанай облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 жылы.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 34-39 градус жылы.

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды деп болжайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аймақтарында 10, күндіз 29-34, облыстың таулы аймақтарында 25 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная