25 ақпан 2022 | 15:07

Қар және тұман. Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

"Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында 5 градус аяз...5 градус жылы, елдің солтүстік-батысында 3...15 градус аяз, солтүстігінде 5...20 градус аяз, шығысында және орталығында 3...18-ден 13...25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 8 градус аяздан...5 градус жылыға, 5 градус аяздан...10 градус жылыға дейін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная