Қар, тұман: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қар, тұман: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Сурет: Freepik.com

Синоптиктер 5-7 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 5-7 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы салқындап, жаңбыр жауып, найзағай ұрады және екпінді жел болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да жауын жауып, 5 қыркүйекте - жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылу шегінде болып, ал күндіз ауа температурасы 10-20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама