ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2020 | 11:57
Қарағанды әкімінің орынбасарының ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты
Қарағанды облысы прокуратурасының өкілдері қала әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысы прокуратурасының өкілдері қала әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері қала әкімінің орынбасарын ұстаған.
"Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы Қарағандының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және жымқыру бойынша алдын ала сөз байласты деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада.
Прокуратурадағылар мемлекетке 107 миллион теңгеге шығын келтірілгенін айтады. Қазіргі уақытта Шалабеков соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.
"Тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қаытсты өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды", - деді прокуратура өкілдері.
Еске салайық, мұның алдында Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны хабарланған болатын.
Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпанында тағайындалған болатын. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін ол қаланың құрылыс бөлімін басқарды. Шалабеков әкімнің орынбасары болғанда жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет, үйді және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру мәселелеріне жетекшілік етті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также