14 сәуір 2022 | 11:42

Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: басты сот отырысы басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыда роупджампингте қайтыс болған 33 жастағы әйелдің өлімі бойынша басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда роупджампингте қайтыс болған 33 жастағы әйелдің өлімі бойынша басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс судья Манат Жұмақаеваның төрағалығымен Қазыбек би аудандық сотында қаралып жатыр. Күдікті ретінде 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы бар. Оған ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша айып тағылды.

Сотталушының адвокаты істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдірді. Ол сотталушы роупджампингтің ұйымдастырушысы емес екенін, сонымен қатар FLY Kazakhstan ЖШС-де жұмыс істемегенін, тек Ильичевке көмектескенін айтты. Сондай-ақ, адвокат бұл іс ҚР ҚК-нің "абайсызда өлім келтіру" 104-бабына қайта саралануы тиіс екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Прокурор мен зардап шеккендер өтінішпен келіспейтінін мәлімдеді.

"Ол кінәлі. Видеодан оның құрал-жабдықтың дұрыстығына көз жеткізбей, "секіруге" бұйрық бергенін анық естисіз. Біз өтінішпен келіспейміз. Ол жай ғана жауапкершілікті өзінен аударып тастамақшы", – дейді марқұмның күйеуі Александр Ткаченко.

Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная