02 ақпан 2023 09:22

Қарағанды әуежайына ірі мөлшерде айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін 81 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін 81 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс қозғаған.

"Қарағанды Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай мемлекетке 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табыс төледі.

Соттың ұйғарымы бойынша, әкімшілік айыппұл бөліп төленді. Бұл туралы, 30 қаңтарда әуежай Департаментке растайтын құжаттары бар хат ұсынды. Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 миллион теңге айыппұл өндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram